Кәсіподақ мүшелері арасында тартысты жарыс өтті

Халықаралық әйелдер күніне орай Нұра ауданының білім беру бөлімінің басшысы м.а. Арарат Есмағамбетовтің қатысуымен білім қызметкерлері арасында волейболдан және үстел теннисінен жарыстың ақтық кезіңі өткізілді. Жарысқа аймақтық ойындардын женімпаз командалары қатысты. Атап айтқанда, волейбол жарысына Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖББМ, Кәрім Мыңбаев атындағы ЖББМ, Рахым Асубаев атындағы ЖББМ, Ахмет Байтурсынов ЖББМ, Баршын ЖББМ мұғалімдері қатысты.

Ал үстел теннисінен Алихан Бөкейхан ЖББМ мұғалімдері, Мыржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ мұғалімдері, Мүтәш Сулейменов атындағы ЖББМ мұғалімдері, Ахмет Байтурсынов ЖББМ мұғалімдері, Баршын ЖББМ мұғалімдері жарысты.

Тартысты өткен ойын нәтижесінде волейбол жарысынан К.Мыңбаев мұғалімдер жеңімпаз атанды, екінші орынды А.Байтұрсынов мектебі және үшінші орынды Баршын мектебі иеленді. Үстел теннисінен бірінші орынға М.Дулатұлы мектебі, екінші орынға А.Бөкейхан мектебі және үшінші орынға А.Байтұрсынов мектебі лайық деп танылды. Барлық жеңімпаздар, жүлдегерлер Нұра ауданының кәсіподақ ұйымының атынан кубок, грамота, медаль және ақшалай сыйлыққа ие болды.