Бастауыш кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасы сайланды

Астана қаласының “Астаналық цирк” КМҚК-да есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – бастауыш кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасын сайлау.

Мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы мықты Ұжымдық шарттың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жақсы көрсеткіштердің, цирк өнері мәселелерін шешудің нәтижелілігінің, жұмыс берушіні қолдаудың және кәсіподақ мүшелерінің белсенділігінің арқасында елорда деңгейінде ғана емес, жалпы республика деңгейінде саладағы үздіктердің бірі болып табылады.

Соңғы 6 жылда төрайым болған Анар Мусина цирктің бастауыш кәсіподақ ұйымы 2021 жылғы байқау-конкурстың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бірі мәртебесіне қол жеткізді.

А. Мусинаның басқа жұмысқа ауысуына байланысты ұжымда бастауыш кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасын сайлау мәселесі өзекті болды. Осы мәселені шешудегі маңыздылығын сезіне отырып, елордалық цирк ұжымы мен басшылығы барлық нормаларды сақтай отырып, есеп беру-сайлау жиналысын ұйымдастыру үшін мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдерін шақырды.

Жиналысқа салалық кәсіподақ төрағасының кеңесшісі Әлібек Саттаров және заңгері Малина Башарова қатысып, кәсіподақтың ұйымдастырушылық және қаржылық қызметін жүргізу, оның ішінде материалдық көмек көрсету, іс-шаралар өткізу, сауықтыру-емдеу кешені бойынша барлық сұрақтар бойынша түсініктеме берді.

Кәсіподақ мүшелерінің ұсынысы бойынша БКҰ төрағасы лауазымына цирктің әртістік бөлімінен 2 кандидатура ұсынылды: Өселбаева Тунгалаг және Бикеев Мұрат.

Кәсіподақ мүшелері арасында кандидатураларды талқылау барысында сайланған төрағаға орын алған мәселелерді шешуде үлкен жауапкершілік жүктеледі, ол үшін төраға мен кәсіподақ мүшелері тарапынан үлкен қолдау қажет болады деген мәселе туындады.

Пікірталастан кейін ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен елордалық цирктің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Мұрат Ілиясұлы Бикеев сайланды. Ол өз сөзінде әріптестеріне үлкен сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, бастауыш кәсіподақ ұйымының өзекті мәселелерін шешу үшін және жоғары мәртебесі үшін барлық күш жігерін жұмсауға уәде берді.

Өз кезегінде ұжым төраға мен кәсіподақ комитетіне сынақ мерзімі туралы ұсынысты қолдады, олар жыл соңында өз қызметі жөнінде есеп берулері тиіс, соның нәтижелері бойынша БКҰ жаңа басшылығының сенім кредитінің одан әрі тағдыры айқындалады.

Директордың орынбасары, кәсіподақ мүшесі В.Бернацкийдің ұсынысы бойынша шешім қабылдаудың объективтілігі үшін кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының құрамына елордалық цирктің барлық 6 бөлімінің өкілдері сайланды.