Ұлыстың ұлы күнін Ойыл ауданындағы білім беру ұйымдары кең көлемде атап өтті.
Самарқанның көк тасы еріп, барша тіршілік атаулы ұйқысынан оянатын жаңару мен жаңғыру кезеңі атанған Наурыз мейрамы – барша адамзат асыға күтетін ерекше мереке. Бұл күні аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебі мен Саға мектеп- балабақшасында “Мерекелі, берекелі Әз-Наурыз!” атты шара ұйымдастырылды.
Мерекеге жиналған кәсіподақ мүшелері төрге жайғасып, берекелі дастарханнан дәм татты. Театрландырылған көрініс қою арқылы ежелгі салт-дәстүрлеріміз жаңғырды. Ұлттық ойындар ойнатылып, өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.