Ұлыстың ұлы күніне орай кәсіподақ белсенділері марапатталды

Наурыз айының 20 күні БҚО Орал қаласы “ҚазИИТУ” оқытушы-профессорлық құрамы, студенттері және қызметкерлеріне арналған “Ұлыстың ұлы күні – Наурыз” мерекесіне арналған салтанатты мерекелік концерті өтті.

Аталмыш мерекемен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов мерекелік құттықтау жолдаса, кәсіподақ ұйымының төрағасы  Талғат Рахметов кәсіподақ ұйымының белсенді ұстаздары мен қызметкерлеріне орталық және облыстық кәсіподақ ұйымы атынан төсбелгілері мен құрмет грамоталары табысталды.

Мерекелік кеш салт-дәстүр дәріптеумен, ұлттық ойындар – гір көтеру және қой көтеру сайыстарымен жалғасын тапты.