Кәсіподақ өз мүшелеріне қамқорлық танытуда

Әрбір игі істің басында – игі жақсы жүретіні анық. «Қазхром» және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бастауыш кәсіподақ ұйымының біріккен қаулысына сәйкес былтырғы жылдан бастап металлургтердің отбасында жаңадан өмір есігін ашқан әрбір сәбиге 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық жасау – игілікті іс бастау алған болатын. 2022 жылдық есеп бойынша 364 бала дүниеге келіп, ата-анасына «Сүйінші пұл» ретінде кәсіподақ бюджетінен 7 миллион 280 мың теңге көлемінде, ал биылғы жылдың бірінші тоқсаны бойынша 81 сәби туылып, оларға 1 миллион 620 мың теңге қаражат бөлінді.


«Қазхром «ТҰК» АҚ жұмыс берушімен жұмыскерлері арасында ұжымдық шарт жұмыс істейді. Қарапайым жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еліміздің демографиялық шарасына кішкентай болса да үлес қосу мақсатында металлургтер жақсы шараны қолға алған болатын. Ол жаңа дүние есігін ашқан әрбір сәбиге 20 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетіп ата-анасының қуанышына ортақтасып тосынсый жасап келеді.

“2022 жыл еліміздің Президентінің қолдауымен балалар жылы болып бекітілгендігін өздеріңіз жақсы білесіздер.Балалар жылында металлургтер арасында жақсы бастаманы қолға алдық. «Бала деген базарымыз, қай баладан ашылар ажарымыз» деген халықпыз ғой. «Сүйінші пұл» деп айдар тағып жаңа туылған сәбидің отбасыныңқуанышына ортақтаса отырыпақшалай көмек көрсету керек деп шештік.Егерде дүниеге егіз немесе үшем келсе берілетін қаражат көлемі де артады яғни әр баланың несібесі 20 мың теңге”, – дейді «Қазхром «ТҰК» АҚ біріккен кәсіподақ ұйымы бірлестігі, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров.

Кәсіподақ және зауыт басшылығы көпбалалы ата-аналарға, балақайларға түрлі сый-сияпаттар, тосынсый жасаудан аянып қалған емес, керісінше әр жыл сайын түрлі маңызды іс-шараларды ұйымдастырып, олардың мәртебесін осылай асырып отырады. Әрбір отбасына қуаныш сыйлайтын қазхромдықтардың жақсы бастамасы көңіл қуантады.