Қарағандыда әлеуметтік әріптестік аясында кездесу өтті

«ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді.

Салалық кәсіподақ төрайымы Татьяна Шатохина кәсіподақ комитетінің төрайымы Сымбат Амангелдиновамен бірлесіп, қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Қауіпсіз еңбек жылында атқарылып жатқан жұмыстар және кәсіподақ мүшелеріне қосымша әлеуметтік кепілдіктер, кәсіподақ активін оқыту жоспарлары туралы ақпарат беріп, кәсіподақ қызметінің перспективаларын талдады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы Қазақстан мемлекеттік органның басшылығымен Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ербол Жолданғармен сындарлы әлеуметтік әріптестікте құрылады.

Ашық диалогта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Абылайхан Наурызбаевпен қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында өңірдің мемлекеттік органдарында кәсіподақ қозғалысын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Диалог соңында қатысушылар кәсіподақтың белсенді жұмысы, корпоративтік мәдениетті дамыту және әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуде және сауықтыруда қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.