Еңбек адамына құқықтық көмек көрсету мәселесі қамтылды

«Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кезекті кездесу «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдақ бірлестігінің өңірлік филиалының құрамындағы Шымкент қаласындағы №2 қалалық аурухана ұжымымен өтті. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне еңбек жағдайларына байланысты семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде ақпарат берілді.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек жиында өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытындағы ақпараттарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартты.

Еңбек ұжымы кәсіби пайдалы дәрісті тыңдап, еңбек жағдайында орын алатын мағлұматтар мен ақпараттарға қанық болды.