Еркін күрестен өткен республикалық турнир мәресіне жетті

Еркін күрестен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының «Қаржы, салық саласы қызметінің үздігі», Сайрам ауданының құрметті азаматы, кәсіподақ мүшесі, «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Түркістан облысы бойынша филиалының төраға орынбасары Лесбай Қозбаховтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Жарыс барысында барлығы 11 салмақ категориясында 44 жас балуан жүлделі орындарға ие болды.

Турнир жеңімпаздары турнирге арнайы дайындалған чемпиондық белбеу, медальдер, дипломдарға және ақшалай сыйлықтарға ие болды.


Турнирдің әділ өтуін қамтамасыз етіп, басынан аяғына дейін қызмет еткен төрешілер де назардан тыс қалмай, оларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.