Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы Наурызбай аудандық филиалы «Қауіпсіз еңбек – лайықты еңбек!» тақырыбында семинар сағатын өткізді. Семинар барысында Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жыл» деп жариялануына орай кәсіподақтардың әрдайым еңбеккерлердің еңбек қауіпсіздігін басты назарда ұстайтындығы айтылып, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша қызметкерлерді оқыту негіздерін, сондай-ақ, техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, қатысушылармен аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ, ашық диалог түрінде өткен кездесуде кәсіподақ мүшелері өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабына сәйкес қауіпсіз және гигиена талаптарына сай жағдайда еңбек ету құқығы, азаматтардың негізгі құқтарының бірі ретінде бекітілген. Қазіргі таңда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі еңбек қатынастары жүйесіндегі ең осал тұс. Бұл ретте өндірісте зардап шегу, қаза болу, өндірістік жарақат алу нәтижесінде жұмыс уақытын жоғалту сияқты жазатайым оқиғалардың негізгі көрсеткіштерін абсолютті цифрлармен алып қарайтын болсақ, Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иеленеді. Әлем бойынша кәсіби сырқаттар кәсіппен байланысты өлім жағдайларының басты себебі болып қала бермек. ХЕҰ бағалауы бойынша жыл сайынғы жұмыс орынындағы 2 340 000 өлімнің, тек 321 000 ғана оқыс жағдайдың салдарынан болады және күнделікті орташа алғанда 5500-ден аса өмірді қияды. Мұндай жағдайға лайықты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету тұрғысынан жол берілмеуі тиіс. Осы мақсатта жыл сайын 28 сәуірде Қазақстан кәсіподақтарының Федерациясы және оның мүшелік ұйымдарында Бүкіләлемдік еңбек қорғау күніне арналған іс шаралар ұйымдастырылады.
Осы ретте, Кәсіподақтың Наурызбай аудандық филиалы мен оның мүшелік ұйымдары әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып жыл сайын еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі түрлі шаралар: акциялар, тәрбие сағаттары, ұжым өкілдерінің қатысуымен отырыстар, көрмелер, байқаулар, оқу семинарлары, «дөңгелек үстелдер», сенбіліктер мен қайырымдылық шаралары және өзге де тақырыптық шаралар ұйымдастырып, өткізіп отырады.