Осындай жарқын жүздесудің бірі – «Ақ ордасы корпорациясы»ЖШС-гі ұжымында өтті. «Ақ ордасы корпорациясы» – өзінің девелоперлік нысандарын жүзеге асырумен қатар мемлекеттік тапсырыстар шеңберінде сәтті жұмыс жасап отырған көпсалалы, Шымкенттегі жетекші құрылыс компаниясы. Корпорациясы ірі тұрғын үй алаптары мен әртүрлі мақсаттағы салу мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыра отырып, бүгінде оңтүстік өңірін дамытуға белсенді атсалысуда.
Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төраға орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қатысты. Семинарда қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде түрлі мағлұматтар берілді.
Жиында Жарқынбек Айдарбекұлы өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.