Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д.Бықыбаев пен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының «Жамбыл облыстық кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасының орынбасары Б. Қараулов 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.


Кәсіподақ өкілі өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерлерін, білім бұлағымен сусындатуда көмегін аямайтын кітапханашыларды, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нәрін сыйлайтын театр әртістерін, өңірлерлердегі мәдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегін елеп, Кәсіподақ тарапынан марапаттар табыстады.