Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы ретте кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбек қауіпсіздігі мен лайықты жалақыны қамтамасыз ету, әлеуметтік серіктестікті нығайту сияқты мәселелер – жіті назарда.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы аймақтағы білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жалғастыруда. Бұл жолы салалық білім кәсіподағының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маман Н.Жетпісбай қалалық № Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатына барды.
Кәсіподақ өкілдері білім ұясының бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты. Еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді. Жауапты мамандар ұжымдық шарт, ішкі еңбек тәртібі мен өзге де құжаттарды көрсетіп, оларды жүргізу бойынша әдістемелік көмек алды.