Балаларды қорғау күні қарсаңында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС»ЖШС-де балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ планетасы» байқауы өткізілді.
Байқау «Женгелді» су қоймасына барып өткізілді. Байқауға 6 жастан 10 жасқа дейінгі балалары бар кәсіпорынның қызметкерлері қатысты. Балалар мен ата-аналарға арналған спорттық сайыс, шығармашылық байқау өткізілді. Конкурстардың жеңімпаздары грамоталар мен сыйлықтарға ие болды, конкурстың барлық қатысушылары қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтары мен грамоталарға ие болды. Байқау соңында балалар мен ата-аналарға шырындар, пицца ұсынылды. Бірақ байқаудың ең маңызды нәтижесі, әрине, жақсы көңіл-күй, жағымды эмоциялар теңізі және еңбек ұжымының бірлігі.