Пошта байланысы жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы, 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚРКФ оқу орталығымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 22-23 мамырында Шығыс Қазақстан облысында «Nomad» демалыс базасының аумағында семинар өткізді.
Семинарға «Қазпошта» АҚ басшылығының өкілдері, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және барлық өңірлерден келген салалық кәсіподақтың активі қатысты.
Семинарды тәжірибелі лектор, ҚРКФ оқу орталығының жетекшісі Л.Есжанова және кәсіби медиатор, Шығыс Қазақстан «Альтернатива» қазақстандық медиация және құқық орталығы ҚБ төрағасы А.Каленова жүргізді.
Семинарда кәсіподақ қозғалысының міндеттері, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің әлеуметтік әріптестік аясындағы өзара іс-қимылы, қақтығыстардың, еңбек дауларының алдын алу және реттеу әдістері, соның ішінде медиативтік технологияларды қолдану, келіссөздер жүргізу, келісу комиссияларын құру, еңбек қатынастарын реттеу, еңбек шарттарының бұзылуы және басқа да көкейтесті мәселелерді шешу жолдары тыңдаушыларға түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша Пошта байланысы қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы А.Әбішевтің, «Қазпошта» АҚ омбудсмені Б.Баймағамбетованың, «Қазпошта» АҚ HR департаментінің директоры А.Әзірәлиеваның және Салалық кәсіподақ активінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті және «Қазпошта» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы ұжымымен кездесу болды.
Дөңгелек үстелде Ұжымдық шартты қалыптастыру және орындау мәселелері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ ӘІҚжКО жүргізген «Қазпошта» АҚ әлеуметтік ахуалды зерттеу нәтижелері және басқа да тақырыптар талқыланды.
Келесі күні «Ақпарат, коммуникациялар және байланыс жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Салалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Салалық кеңестің отырысына «Қазпошта» АҚ өкілдері – омбудсмен Б.Баймағамбетова, HR департаментінің директоры А.Әзірәлиева қатысты.
Салалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, кәсіподақтың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру бойынша қаулылар қабылданды.
Бос уақытта іс-шараға қатысушылармен табиғатта тимбилдинг өткізілді.