Астанада құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілуде

Бүгін еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау және қызметкерлердiң еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесi бойынша құрылған жұмыс тобының мүшелері Тұран және Ұлы дала даңғылының қиылысында «Алам НС» ЖШС салып жатқан аз қабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды.

Жұмыс тобының құрамында әлеуметтік әріптестермен бірге Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов пен заңгер Азамат Менсейітов бар.

Бас мердігер «Алам НС» ЖШС құрылысты салуға екі қосалқы мердігерге беріпті. Мониторинг жүргізу барысында жұмыс тобының өкілдері құрылысшы мамандардың арнайы жұмыс киімімен және қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгенін анықтады. Қазіргі уақытта оны жұмысшылар өздері сатып алуға мүдделі болып отыр. Медициналық пункт қарастырылмаған. Құрылысшылардың ас ішетін, киім ауыстыратын орындары санитарлық талапқа сай емес болып отыр.

Сонымен қатар, қосалқы мердігер өкілдері құрылысшылармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс тобына ұсына алмады. Бұйрық шығару бойынша құжаттамаларының тәртібі реттелмеген.

Жұмыс тобының мүшелері «Алам НС» ЖШС-нің басшылығына анықталған кемшіліктерді аз уақыт ішінде жоюға міндеттеді. Құрылыс нысандарына мониторинг жұмысы жалғасады.