Қарағанды өңірінде еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда

2023 жылғы 25-26 мамыр аралағында “Қарағанды облысы АҚӨҰ ЖӘНЕ ММ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Дархан Джузбаев және төраға кеңесшісі Кенескүл Рахимжанова жұмыс сапарымен Қарағанды облысы Нұра ауданына барды.

Онда Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқановпен және кәсіподақтың бірқатар мекеме, ұйымдармен кездесіп, соның ішінде ЖШС «Шахтерский» басшысы Георгий Прокоп, Шахтерский ауыл әкімшілігінің әкімі Гульзат Өмірзаққызы, Нұра ауданының Мұздыбел ауыл округіндегі ЖШС «Прижевальская» басшысы Ықсан Тәттібаевтың қатысуымен отырыстар ұйымдастырды.

Сонымен қатар, “Қарағанды облысы АҚӨҰ ЖӘНЕ ММ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Дархан Джузбаев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2023 жылды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы болып жарияланғаны туралы хабар етті. Өз сөзінде Дархан Джузбаев еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді оқытуға қойылатын талаптарды арттырудың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Бұл шаралар өндірістік жарақаттанудың төмендеуіне әкелетіндігі туралы айтылды.


Сөз соңында Дархан Джузбаев кәсіподақ тарапынан ұйымдардың, яғни, кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарының өкілдері арқылы әлеуметтік әріптестікті дамыту шеңберінде бірлескен іс-қимылдарға дайын екенін, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді бірлесіп орындау үшін қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін айты.