Еңбек заңдылығын сақтау жөніндегі арнайы құрылған жұмыс тобының өкілдері «Dastur» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысына мониторинг жүргізді.
Бас мердігер «Kaz Buziness Solutions» ЖШС аталған тұрғын үй кешенін салып болған. Қазіргі сәтте қаптау, ішкі сылақ, әрлеу жұмыстары, электр қондырғыларын орнату және абаттандару жұмыстары жүргізілуде.
Компаниядағы құрылысшы мамандармен жеке еңбек шарты жасалған, жалақыларын уақтылы алып отырады. Жұмыс беруші арнайы жұмыс киіммен және қорғаныс құралдарымен қамтыған. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты тіркеу журналдары және бұйрықты шығару тәртібі ретке келтірілген.
Айта кетерлігі, елордада жұмыс берушiлердiң еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауы және қызметкерлердiң еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесi бойынша жұмыс тобы құрылыс нысандарын аралауды бастады.
Оның құрамында Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының, қалалық еңбек инспекциясының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің, Қазақстан құрылысшылар одағының, ҚР жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) ұлттық Конфедерациясының және Астана қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының өкілдері бар.