Қарқаралы ауданы бойынша «Сәт сапар, жас түлек!» акциясы ұйымдастырылды

Қарқаралы ауданы бойынша 2022-2023 оқу жылында 11-сыныпты 259 оқушы аяқтады. Білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының берген мәліметтеріне сәйкес биылғы жылы кәсіподақ ұйымы мүшелерінің 100 баласы 11-сыныпты аяқтап, мектеп түлектері атанып отыр. Осы орайда жылдағы дәстүр бойынша «Сәт сапар, жас түлек!» акциясы ұйымдастырылып, жас түлектерге ақ жол тілей отырып, жоғарыда айтылған 100 мектеп түлектерінің ата-аналарына (кәсіподақ ұйымы мүшелеріне) кәсіподақ комитеті атынан қаржылай сертификаттар берілді.

Сертификаттарды салтанатты түрде әр мектеп қабырғасында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары табыстады.