Жұмысшылардың қауіпсіздігі мен олардың еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлінген

Бүгін құрылыстағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбек жағдайларын бақылау мақсатында әлеуметтік әріптестермен бірлесіп құрылған жұмыс тобы “Tumar Group” компаниясына қарасты “AKAN Engineerind” ЖШС салып жатқан «Tengri City» тұрғын-үй құрылысы кешенінде болды.

“AKAN Engineerind” ЖШС құрылысты салуға 6 мердігермен келісім жасаған. Қазіргі сәтте аталған құрылыста 60-тан астам құрылысшы жұмыс істейді. Құрылысшылардың барлығы арнайы жұмыс киімдерімен және қорғаныс құралдарымен қамтылған.

Жұмысшылар үшін демалыс орындары, жуынатын бөлмесі және асханасы талапқа сай жасақталған. Құрылысшыларға арналған медициналық пункт ашу жоспарда бар.

Жұмыс тобының өкілдері мердігерлердің құжаттарын қараудан бастады. “AKAN Engineerind” ЖШС-нің мердігерлері “Кемер Строй”, “АЭС” және “Альпинист kz” ЖШС-нің құжаттары дер кезінде дұрысталды.

Құрылыс нысанында адамдардың, жабдықтардың, құрылыс қоқыстарының құлауынан құрылыс алаңдарындағы жазатайым оқиғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және алдын алуға арналған арнайы құрылғы – қорғаныс-ұстау торлары қойылған.

Мониторинг барысында жұмыс тобының өкілдері Tumar Group компаниясы жұмысшылардың қауіпсіздігі мен олардың еңбек жағдайына ерекше көңіл бөліп отырғанын байқады.