Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында орналасқан спорт кешендерінде мемлекеттік органдар қызметшілері арасындағы спартакиада жарысының үстел теннисінен жарыс өткізіліп, оған 17 команда қатысты.
Талап бойынша команданың құрамы 1 ер адам, 1 әйел адам. Ұпай саны тең болған жағдайда аралас (микс) жұптың кездесуінің нәтижесі негізінде жеңімпаз команда анықталды. Жарыстар үстел теннисінің «Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерацияы» ҚБ және (ITTF) ережелерінің қолданыстағы қағидалары бойынша жүргізілді.
Үстел теннисіне қатысып, жүлделі орынды иеленген командалар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының диломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 1-орынды иеленген Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы жеткешілік ететін басқармалардан құралған спорттық командасына диплом мен 30000 теңге қаржылай сыйлық, 2-орынды иеленген Исахов Мақсұт Пернебайұлы жетекшілік ететін басқармалардан құралған спорттық командасына диплом мен 25000 теңге қаржылай сыйлық, 3-орынды иеленген Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментіне диплом мен 20000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.