Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Садуақас Бекгалыевтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға облыстың салалық кәсіподақ филиалдарының және жергілікті кәсіподақ төрағалары қатысып, күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының тапсырмасына сәйкес, ҚР 2014 жылғы 27 маусымындағы «Кәсіподақтар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды.
Кеңес барысында облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы отырысты кіріссөзбен ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары «Кәсіподақтар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өз ұсыныстарымен бөлісіп, күн тәртібіндегі мәселе Кеңес мүшелерімен талқыланып, қарастырылды.
Күн тәртібі бойынша Кеңес мүшелерімен ұсынылған ұсыныстар облыстық кәсіподақтар орталығы атынан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясына жіберілді.