Қарағандыда кәсіподақ мүшелерімен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы кәсіподақ орталығының өкілдері “Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті” РММ превенция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізді.


Ақпараттық кәсіподақ кездесуінің спикерлері “Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы” ММ бөлім басшысы Саягүл Еркебекова, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының Қарағанды филиалының басшысы, Қарағанды облысы кәсіподақтар орталығының Татуласу орталығының жетекшісі Света Шардарбекова, Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының маманы Сақтапберген Әкім, Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті жанындағы ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Алтынай Сүлейменова болды.

Кездесу барысында еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу, қауіпсіз еңбек, қызметтің барлық салаларында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарым-қатынасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы сияқты тақырыптар қаралды. Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелері спикерлерге өздерін толғандыратын мәселелерге қатысты сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Келесі кездесу “Қарағандыэнерго саласы” ЖШС-де өтті, аталған еңбек ұжымы «Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының» құрамына кіреді.

Ашық та сан қырлы диалогта Антикор ағарту пулының спикері, Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі жанындағы заңдылық, адам құқықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі Аркадий Тілеубердинов қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ел заңнамасындағы өзгерістермен, квазимемлекеттік сектордағы қызметтер туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының кәсіподақтар үйінде Әкім Сақтапберген мен Аркадий Тілеубердиновтың қатысуымен «Қазақстан салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының» Қарағанды облыстық ұйымының кәсіподақ активімен, “ҚЫЗМЕТ” салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бағыттары түсіндірілді.

Кездесулер соңынан қатысушылар спикерлерге алғыстарын білдіріп, маңызды кәсіби қызметтеріне табыс тіледі, ал спикерлер өз кезегінде еңбек адамдарын ақпараттандыру үшін осындай диалог алаңдарын тұрақты негізде өткізіп тұруға уәде берді.