Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған

Еңбек заңдылығын сақтау жөніндегі арнайы құрылған жұмыс тобының өкілдері «Bi Group» компаниясына қарасты «СтройИнженерсервис» ЖШС салып жатқан «MoD. Standard 1» тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізді.

Жұмыс тобының өкілдері бұйрықтарды шығару және еңбек шартын жасауда жіберілген кемшіліктерді жойып, қалай рәсімдеу керектігін түсіндірді.

Жалпы, құрылысшы мамандарға еңбек жағдайы жасалған, жалақыларын уақытылы алып отырады. Арнайы жұмыс киіммен және қорғаныс құралдарымен қамтылған.

Жұмыскерлердің кеңселері, киім ауыстыратын блоктық контейнерлері, асханасы қауіпсіздік талаптарымен жабдықталған.