Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты ММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов арнайы кездесуге барды.


Мемлекеттік мекеменің басшысы – аудан әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен ұжым мүшелерімен «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында «ҚР Еңбек кодексінің», «ҚР «Кәсіптік одақтар туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» заңдарының талаптарын жүзеге асыру шараларын өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күнімен» аппарат қызметкерлерін құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табысталды.

Атап айтқанда, филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгісімен Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты” мемлекеттік мекемесінің Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы – әдіскер Сапарбекова Қалимаш Қалдігөзқызы, филиалдың «Құрмет грамотасымен» “Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты” мемлекеттік мекемесінің Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Насыр Еркебұлан Нұрланұлы, филиалдың «Алғыс хатымен»: “Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты” мемлекеттік мекемесінің Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы Қалмұратов Бауыржан Данайұлы, “Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты” мемлекеттік мекемесінің Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Арғынғазиев Бауыржан Батырғазыұлы, “Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты” мемлекеттік мекемесінің Инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Тұрнияз Нұрбақыт Әбдімәжитұлы және “Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты” мемлекеттік мекемесінің қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Қалшабеков Мағжан Рахымжанұлы марапатталды.