Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы заң клиникасының филиалында азаматтарға еңбек, әлеуметтік және кәсіподақ заңнамасы аясындағы мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес беру өз жұмысын жалғастыруда.
Бұл жолы заң клиникасына «Автопарк» ЖШС-нің жүргізушісі Т. Кудайбергенов жүгінді. Ол 2022 жылғы мамыр айының басында Автопарктің 29-бағыты бойынша жүргізуші болып жұмысқа қабылданған. Осы уақыт аралығында ешбір тәріптік жазаға тартылмаған, өз міндеттерін толық атқарып келген. Араға жыл салып, ағымдағы жылдың мамыр айының басынан бері бернеше рет еңбек демалысын беруді сұрап мекеме басшылғына барған. Алайда жұмыс беруші әртүрлі себептерді алға тартып, жазған өтінішін қабылдамай, мекеменің экономикалық тұрғыдағы жағдайының нашарлығына тоқталып, шығарып салып отырған. Нәтижесінде аталған мекемеде жылдан астам жұмыс атқарған жүргізуші, заң тұрғысында тиісті еңбек демалысына шыға алмаған.
Сонымен қатар, Автопарк басшылығы бағытқа шыққан автобустардың жөл-жөнекей бұзылып, 4-5 сағаттап тұрып қалуына да жүргізушіні кінәлап, айлық жалақысынан ұстап қалып отырған.
Жүргізуші Т. Кудайбергенов жұмыс орнынан уақытылы еңбек демалысын ала алмай және еңбек ақысының дұрыс төленбей, шегеріліп, ұсталынып қалуы салдарынан, ағымдағы жылғы маусымда мекеменің кадр бөліміне өз еркіммен жұмыстан кететіндігі туралы өтініш келтірген. Алайда, өтініші қабылданбай бұл ретте де жұмыс беруші тарапынан әуре сарсаңға түсіп жұмыстан шығып кете алмаған.
Осы мәселе бойынша Кәсіподақ орталығының жанындағы Заң клиникасы филиалының басшысы Ж.Нұршекенов заң тұрғысындағы маңызды факторларды анықтап, жүргізушіге заңгерлік көмек көрсетті.
Аталған мәселелер бойынша азамат Т. Кудайбергеновке заң шеңберінде тиісті органдарға шағымдану бойынша құжаттар рәсімделіп мәселе кәсіподақ орталығының бақылауына алынды.