Кәсіподақ Құрбан айтта әлеуметтік көмек көрсетті

«Астана су арнасы» МКК басшылығы ұжымдық шартта қабылданған міндеттемелерді орындау кезінде өндірісті тиімді басқара отырып, қызметкерлердің барынша әлеуметтік және материалдық әл-ауқатын қамтамасыз етеді.

Ұжымдық шартқа сәйкес Құрбан айт мерекесінде «Астана су арнасы» компаниясы өз қызметкерлеріне қамқорлық көрсетіп, сыйлықтар таратуды ұйымдастырды. Компанияның кәсіподақ ұйымы табысы орташадан төмен және отбасында көптеген балалары бар қызметкерлерге көмек көрсетті.

«Біздің ұжымдық шарт өз талаптары бойынша республиканың коммуналдық қызмет саласы арасында үздіктердің бірі болып саналады. Кәсіподақ көмекке мұқтаж қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге дайын. Қасиетті мереке- Құрбан айтта барлығы 71 қызметкерге 25 000 теңгеден берілді», – дейді «Астана су арнасы» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Күмісжан Бектасова.