Кәсіподақ қолдауымен жастар форумы өтті

Жуырда Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен Жұбанов ауылдық округінде Мұғалжар аудандық білім бөлімі жанынан құрылған “Ұшқын” жас ұстаздар клубының “Жастық! Жігер! Еңбек!” тақырыбында форумы өтті.


Форумның жалпы мақсаты – клуб жоспарына сәйкес жыл бойы өткізілген шараларды қорытындылау, белсенді жастарды анықтау. Форумға ауданның белсенді жас ұстаздары қатысты.

Форумға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқанов белсенді жастарды құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Форумның алғашқы бөлігінде Ақтөбе облыстық педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Зәуре Кашкенова TedX форматында қатысушылармен ашық алаңда сұхбаттасып, ой бөлісті.

Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол жыл басынан бері жүзеге асқан жұмыстарды қорытындылап, білім бөлімі атынан Алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан ауданның белсенді жастарға еліміздің басқа да өңірлеріне саяхат жасауға сертификаттар тарту етілді.

Форумның екінші бөлімі уақытты тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған “Team building” командалық ойыны және “Fun day” рефлексиялық ойындары ұйымдастырылды.