Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің арасында жазғы спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты – кәсіподақ мүшелерін салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болды.
Жазғы спартакиада жеңіл атлетика, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, футбол және арқан тарту сынды 7 түрлі бағдарламалар бойынша өтті.
Жеке жарыс түрі бойынша 1-орынға 30 000 теңге, 2-орынға 20 000 теңге, 3- орынға 10 000 теңге берілді. Ал жалпы командалық есеп бойынша жүлде қоры 1-орынға 100 000 теңге, 2-орынға 80 000 теңге, 3-орынға 50 000 теңгені құрады.
Командалық есепте 1-орында «Күршім ауданының көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ орнықса, 2-орынды «Күршім №1 орта мектебі» КММ мен «Күршім №4 орта мектебі» КММ бөлісіп, 3-орынды «Күршім № 3 мектеп-гимназиясы» КММ мен «Күршім», «Болашақ» балалар балабақшалары иеленді.
Барлық жеңімпаздар грамоталармен марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.