Кәсіподақ жастарының жұмысы өңірлерде нақты қолдауға ие болуда

ҚРКФ «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Аян Сәлімгереев жұмыс сапары барысында «Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде кәсіподақ ұйымарының белсенді өкілдерімен кездесті. Кездесуге салалық және жергілікті кәсіподақ филиалдарының ұжымдарындағы белсенді жас кәсіподақ мүшелері мен аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Отырысты ашқан аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы А.Әмірғалиев жастар кеңесі мүшелерінің бастамаларына сәттілік тіледі.


ҚРКФ Жастар кеңесінің төрағасы Аян Сәлімгереев жиналғандарға жастар кеңесінің бағыт-бағдарын түсіндіріп, алдағы жобалар туралы пікір алысты. Кездесуде белсенді жастар алдағы жоспарларымен бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.