«SENIM» кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы мамандары ұжымдарда қоғамдық қабылдаулар жүргізуде. Жұмыс жоспарына сәйкес кәсіподақ мүшелеріне арналған қоғамдық қабылдауларда жұмыскерлерге еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, сұрақтарға жауаптар берілуде.
Кезекті қоғамдық қабылдау Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс беруші және жұмыскер өкілдерінің қатысуымен өтті. Қоғамдық қабылдау барысында ұжымдағы тараптар арасындағы әлеуметтік еңбек қатынастары мәселелері, еңбекті қорғау жағдайлары талқыланып, нақты сұрақтар бойынша түсіндірмелер жүргізілді. Әлеуметтік әріптестікті нығайту және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатындағы қоғамдық қабылдауды жүргізген филиал заңгерлеріне ұжым мүшелері ризашылықтарын жеткізді.