“Ұлы қабырға” Қазақстан-Қытай компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіподақ ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омаров Бекболат Кемалұлы еңбек жолын “Ақтөбе мұнай өндіру” басқармасында Жаңажол кен орнында 4-разрядты бұрғылаушының көмекшісі ретінде бастады. Ізденімпаздығы бен еңбекқорлығы нәтижесінде кәсіпорынның бас инженері лауазымына дейін көтерілді. Мұнай өндіру саласында ұңғымалар салу, бұрғылау тиімділігін арттыруға озық жаңаша технологияларды ендіртуге бастамалар көтеріп, игі істерді атқара білді.
2001 жылдан бері “Ұлы Қабырға” ККБК ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды.
Бекболат Кемалұлы әзірлеген ұжымдық шарт бірнеше рет облыстағы ең үздік, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдемелері жақсы енгізілген ұжымдық шарттардың бірі ретінде “Парыз”республикалық конкурсына қатысуға ұсынылды.
Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет белгісімен марапатталды.