Әлеуметтік-еңбек қатынастарын құқықтық реттеу мәселесі қаралды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «№31775 Әскери бөлімі» РММ еңбек ұжымының бірқатар мүшелерінің бастамасымен  Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрайымы Татьяна Шатохина және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Қарағанды облыстық филиалы – Татуласу орталығы басшысы Света Шардарбекова қатысушыларды республика мен өңірдің кәсіподақ қозғалысының қызметі, әлеуметтік-еңбек қатынастарын құқықтық реттеу және қызметкерлердің құқықтарын қорғау туралы хабардар ете отырып, азаматтық қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.


Кездесу барысында барлық қызықтырған сұрақтарға құзыретті жауаптар берілді және бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мүмкіндігі түсіндірілді.