Қарағандылық «Новое телевидение» телеканалының шақыруымен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасы Қарағанды облысы кәсіподақтар Орталығының Татуласу орталығының басшысы Света Шардарбекова «Татуласу рәсімдерінің қоғамдағы рөлі» тақырыбында тікелей эфирге қатысып, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Сұхбат барысында медиация институтының дамуы, қолданыстағы заңнаманың ұтымды тұстары, медиация салаларына қатысты мәселелер қамтылып, жан-жақты ой-пікірлер айтылды.
Сұхбат беруші өз сөзінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының тарапынан еңбек қатынастарын реттеудегі медиацияның ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, Света Шардарбекова Қарағанды облысы аймағындағы медиаторлар қауымдастығының жұмысы жайына тоқталды.
Сұхбат барысында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар да назардан тыс қалмады. Жалпы, сұхбат қызықты да мазмұнды өтті.