Заң клиникасында кезекті қабылдау жүргізілді

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Татуласу орталығы мен Заң клиникасының қызметіне Түркістан облысы, Отырар ауданының тұрғыны Б есімді азамат Заң аясында құқықтық көмек көрсетуді сұранып жүгінді.
Азаматтың айтуынша «KASPI BANK» АҚ-на кредиттік қарыз берешегін уақытылы төлей алмауына байланысты аталған банк сотқа талап арыз жазатындығын ескертіп жатқандығын айтып өз уәжін білдірді. Орын алған жағдайға байланысты істің мән-жайы тыңдалып, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Заң клиникасының бас маман заңгері Ерлан Жандарбеков, шағым білдіруші азаматқа өндіріп алушы банк тарапынан проблемалық несиені мәжбүрлеп өндірудің заңды жолдарын түсіндіріп, азаматқа құқықтық кеңес берді.
Сондай-ақ, Татуласу орталығының қызметкерімен шағым білдірушіге «KASPI BANK» АҚ-на арасында медиация жасау ұсынылды.