ХКК БЕАК-нің Басқарушы комитеті 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады

2 ақпан, жұма күні Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы Бүкілеуропалық аумақтық кеңесінің (ХКК БЕАК) вице-президенті болып сайланған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бейнеконференцбайланыс арқылы ХКК БЕАК-нің Басқарушы комитетінің отырысына қатысты.

Отырыс барысында өткен жылдың желтоқсан айында өткен БЕАК Бас Ассамблеясының қорытындылары талқыланды, ұйым қызметінің басым бағыттары айқындалды және 2024 жылы бірлескен акциялар өткізу жоспарлары айтылды.

ХКК Бас кеңесі белгілеген тәртіпке сәйкес, БЕАК президенті Игорь Зубку мен БЕАК Бас хатшысы Эстер Линч Халықаралық Еңбек Ұйымының Басқарушы кеңесіне мүше ұйымдардың кандидатураларын талқылауды ұсынды. Басқару комитетінің мүшелері белгілі бір критерийлерге – гендерлік және аймақтық теңгерімге, ХЕҰ үдерістерінің үздіксіздігіне негізделген ұсынымды қарап, мақұлдады. Түпкілікті шешімді ХҚК жаһандық іріктеу комитеті қабылдайды.

ХКК ұйымдастыру және кампаниялар департаментінің директоры Тодд Броган жиналысқа қатысушыларға демократия бойынша ХКК Кампаниясының тұсаукесерін ұсынды. Ол жергілікті, ұлттық және жаһандық деңгейде кәсіподақ қауымдастығының демократия принциптерін ілгерілету бойынша акцияларды қамтиды.

БЕАК Басқарушы комитетінің мүшелері сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Халықаралық еңбек конференциясына және форумына қатысуға дайындықты талқылады.

Отырыс барысында Басқарушы комитет мүшелері кезектен тыс съезі ағымдағы жылдың 15 ақпанына жоспарланған Қырғызстан кәсіподақтар конфедерациясына қатысты жағдайға да алаңдаушылық білдірді.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы