«Келешек» жастар кеңесінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 8 тамызында Абай облыстық кәсіподақтар үйінде Абай облысы кәсіподақтар орталығының төрайымы Зәуреш Исабаеваның төрағалығымен «Келешек» жастар Кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік өткізу мәселесі қаралды. Онкүндік 2024 жылдың 3 тамызы мен 12 тамызы аралығында өтуде. Онкүндік аясында облыстың барлық қалалары мен аудандарында келесі іс-шаралар жоспарланған: «Таза Қазақстан», «Жас келсе, іске!», «Денсаулық – зор байлық», «Ғылым таппай мақтанба», «Мейірімділік мекені», «Адал Азамат», «Еңбек бәрін де жеңбек», «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», «Қорған 24», «Жастармен бірге!». 11 тамызда Семей қаласындағы аспалы көпір астындағы кеңістікте Гала-концерт өтеді деп жоспарлануда.

Онкүндік «Жастармен бірге!» футбол турнирімен аяқталады, оған 8 жастар командалары қатысады. Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар, мақтау қағаздары дайындалып, жүлде қорына мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының облыстық филиалы демеушілік етеді.


Бұл мереке жастарға сергектікке, салауатты өмір салтын ұстануға, табысты істерге ынталандыруға қуат береді деген сенімдеміз.