Кәсіподақ жолының жаңа белесінде

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Бас директор Асан Наурзғалиев, «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Оразбек Бекбас, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова, құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы Мұрасат Мұртазин, «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы Марина Иванова қатысты.

Конференцияда Станцияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің 156 делегаттары кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Чигвинцеваның кәсіподақ комитетінің 5 жылдағы жұмысы туралы есеп берді.

Бүгінде кәсіподақта 1416 адам бар, бұл станция қызметкерлері санының 92%-ын құрайды. 2022 жылдың 22 ақпанында кәсіподақ пен жұмыс берушімен арасында жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. 2022 жылы кәсіподақ ұйымы “Үздік ұжымдық шарт” байқауында салалық деңгейде бірінші орынды иеленген. Бес жыл ішінде келісім комиссиясына 38 өтініш түсіп, 11-і келіспеушіліктердің шешілуіне байланысты қараудан алынып тасталды, 18 өтініш қызметкердің пайдасына шешілген.

Кәсіподақ қызметкерге қиын жағдайда қолдау көрсетеді. Қызметкер ұзақ уақыт бойы науқастық демалыста болған жағдайда, қызметкердің немесе қызметкердің баласы ауырған жағдайларда кәсіподақ тарапынан материалдық көмек жіберіледі. Бұған дейін материалдық көмек сомасы 40 000 теңгені құраса, 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 50 000 теңгені құрайды. Бес жыл ішінде 444 қызметкерге көмек көрсетілді. Сондай-ақ, 223 кәсіподақ мүшелеріне курорттық емдеу өтемақысы төленді.

«Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Оразбек Бекбас пен Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова станцияның кәсіподақ қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмысын жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшесі, энергетик ретінде де, кәсіподақ қайраткері ретінде де Отан алдындағы зор еңбегі үшін  «Құрмет» орденінің иегері атанған Татьяна Чигвинцева сайлауды сенімді көпшілік дауыспен жеңіп алды. Сайлау нәтижелерін жариялағаннан кейін Татьяна Александровнаның өзі мәлімдегеніндей, жаңадан сайланған төрайым мен кәсіподақ комитетінің жаңа мүшелерінің алдында Екібастұз 1-МАЭС ұжымының игілігі үшін атқарылатын көптеген идеялар мен жоспарлар бар.