Бақытжан Әбдірайым ҚР кәсіподақтар Федерациясының төрағасы болып сайланды. Бүгін Астанада Федерацияның Бас кеңесі жаңа төрағаның кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.
Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы ҚРКФ төрағасы лауазымына сайланғанға дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Бақытжан Жарылқасынұлы 52 жаста, түрлі салада еңбек өтіліне ие.
2013-2017 жылдар аралығында ҚРКФ басқарған Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы өз қалауы бойынша ҚРКФ Бас кеңес шешімімен қызметінен босатылды.