Халықаралық жұмыс

Халықаралық ұйымдармен және шетелдік кәсіподақ бірлестіктерімен ынтымақтастық Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі-Федерация) қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл қызмет Федерацияның 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» атты  стратегиясының  негізінде айқындалған және жүзеге асырылады.

Халықаралық кәсіподақ қозғалысы басқа халықаралық ұйымдар аясында қарқынды дамып келеді. Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының мәліметтері бойынша бүкіл әлем бойынша 207 миллионнан астам жұмыскер кәсіподақ мүшелері. 2022 жылға қарай олардың саны  250 миллионға жетуі мүмкін деген болжам бар.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы 28 халықаралық конвенцияның, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 3 Конвенциясының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1-Конвенциясының және  Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 24 конвенцияларының қатысушысы. Оның ішінде 8-і  негізгі, 4-уі директивтік және 12-і техникалық конвенция.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және Кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімде ХЕҰ-ның 20 халықаралық конвенциясын ратификациялау мәселелері бойынша консультациялар өткізу көзделген.

Бүгінгі таңда федерация шетелдік кәсіподақтар мен халықаралық ұйымдармен, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі, мысалы: ХЕҰ, халықаралық көші – қон ұйымы (ХКҚҰ), БҰҰ-әйелдер қатарынан 36 ұйыммен ынтымақтастық орнатты. Сонымен қатар, халықаралық кәсіподақтар Конфедерациясымен, Жапон Халықаралық Еңбек қорымен (ЖХЕҚ) және Фридрих Эберт қорымен ынтымақтастық орнатылды.

2021 жылы еңбекші әйелдердің құқықтарын ілгерілету мақсатында “Халықаралық Жаһандық Әйелдер көшбасшылығы” ұйымымен еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау жөніндегі USAID (ЮСАИД) жобасын іске асыру шеңберінде Winrock International (Винрок Интернейшнл) халықаралық ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Федерацияның тағы бір басым бағыты – ынтымақтастықты нығайту және Халықаралық ұйымдарға мүшелікті қайта бастау, сондай-ақ мүшелік ұйымдарды кәсіподақтардың халықаралық бірлестіктеріне кіруге ынталандыру болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Федерация лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау тобының жетекші мамандарымен және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін ХЕҰ бюросымен, ХЕҰ еңбекшілер қызметі бюросымен (ACTRAV) тәжірибе алмасу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін ынтымақтастықтың бағыттары қалыптастырылды, оның шеңберінде бірлескен жұмыстың 2021-2022 жылдарға арналған басымдықтары айқындалды. Уағдаластық шеңберінде өткізу және ұйымдастыру жоспарланған бірқатар іс-шаралар белгіленген.

Федерация 12 шетелдік кәсіподақ орталығымен, оның ішінде Грузия кәсіподақтар бірлестігімен, Малайзия кәсіподақтар Конгресімен, Армения Кәсіподақтар федерациясымен, MEMUR-SEN Түркия мемлекеттік қызметшілер кәсіподақтары Конфедерациясымен, Моңғолия кәсіподақтар Конфедерациясымен, Бүкілқытай Кәсіподақтар федерациясымен, Әзірбайжан кәсіподақтар Конфедерациясымен, Тәжікстанның тәуелсіз Кәсіподақтар федерациясымен, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясымен, Қырғызстан Кәсіподақтар федерациясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, сондай-ақ Италияның Еңбек одағымен ниеттер хаттамасына қол қойылды.

Федерацияның маңызды міндеті оның өкілдерінің, оның ішінде мүшелік ұйымдардың кәсіби дағдылары мен жалпы кәсіподақ тәжірибесін арттыру мақсатында барлық халықаралық іс-шараларға қатысуын жандандыру болып табылады.

Тек 2020 жылы федерация өкілдері кәсіподақ қызметі бойынша 19 онлайн халықаралық іс-шараларға, оның ішінде еңбек саласындағы маңызды халықаралық іс-шараларға қатысты. Жалпы өткен жылы ХЕҰ-ның 12 іс-шарасына 25 өкіл, сондай-ақ халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) ұйымдастырған 7 іс-шараға 18 өкіл қатысты.

Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелері, Федерацияның орталық аппараты мен аймақтық кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері жыл сайын Жапон Халықаралық еңбек қорында (ЖХЕҚ) білім алады. Ынтымақтастықтың барлық кезеңінде осы ұйымда оқудан өткендердің жалпы саны 34 адамды құрайды, 2021 жылы Федерацияның тағы үш өкілінің қатысуы жоспарлануда.

Ф. Эберт қорымен бірлесе жемісті қызмет етуде.  Жыл сайын конфликтология және еңбек дауларын шешу бойынша кемінде үш бірлескен оқыту семинары өткізіледі. Бүгінгі таңда 67 кәсіподақ қызметкері оқудан өтті және жыл соңына дейін Федерацияның өңірлік мүшелік ұйымдары қатарынан 50-ден астам өкіл қосымша оқытылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, федерацияның жастар арасынан бес өкілі Ф.Эберт қорының Жастар көшбасшылығы бағдарламасын оқытуға қатысады.

Федерация халықаралық ынтымақтастық мәселелерін жетілдіруді, және де жалғастыруды көздейді.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенциялардың тізбесі

 

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының халықаралық ынтымақтастықты дамыту Бағдарламасы