Кәсіподақ және жастар

“30 ЕҢБЕК ЕЛШІСІ” жобасы туралы

«Келешек» жастар кеңесі туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы өз қызметінде кәсіподақ ұйымдарының жастар саясатын күшейту және жандандыру жөніндегі жүйелі жұмысқа ерекше назар аударады. Тиімді жастар саясаты – бұл жастар кеңестері жүйесін құру бойынша жұмыс, жастардың ұжымдық іс-қимылдарға және ынтымақтастық акцияларына тұрақты қатысуы.

Уақыт талабына жауап бере отырып, салалық және аумақтық кәсіподақтар өкілдерінен құралған ҚРКФ Жастар ісі жөніндегі кеңесі мүлде жаңа форматта құрылды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Жастар ісі жөніндегі кеңесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы “Келешек” жастар кеңесі болып қайта аталды.

“Келешек” – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жастар құрамы, консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

“Келешек” жастар кеңесінің өкілдері 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ҚРКФ жастар саясатын жүзеге асыруды үйлестіреді. ҚРКФ жанындағы “Келешек” жастар кеңесінің төрайымы Хамитжанова Дария Хамитжанқызы болып табылады (2019 жылғы 30 қарашада “Келешек” жастар кеңесінің отырысында сайланды).

Хамитжанова Дария Хамитжанқызы,
15.08.1994ж.

Миссиясы

Жастарды әлеуметтік-еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік даярлау саласындағы құқықтары туралы хабардар ету, жастарды кәсіподақ қатарына тарту арқылы жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Міндеттері

– әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

– барлық деңгейдегі жас кәсіподақ көшбасшыларын оқыту және дамыту;

– жастарға кәсіподақ қызметін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы таныстыру және үнемі ақпараттандыру;

– жастардың өзін-өзі ұйымдастыруына ықпал ету, жастардың инновациялық жобаларын іске асыруға атсалысу.

ҚРКФ жастар саясатын жүзеге асыру механизмі

Қызмет секторлары

ҚРКФ жастар саясатының 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес құрылған осы секторларды дамыту шеңберінде жастарға арналған бірқатар мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар, “Жас келсе – іске!” еңбек жастарының форумдары өткізілді, Кәсіподақ орталықтары жанынан жастар кеңестері құрылды, жас кәсіподақ көшбасшыларын оқыту үшін “Келешек” кәсіподақ мектебі, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы үшін “ProfBookClub” кітап клубы, әлеуметтік осал санаттарға көмек көрсету үшін “Келешек” волонтерлік штабы, жастар бастамаларын іске асыру үшін “КЕА” (Kazakhstan En’bek Adamy) корпоративтік қоры құрылды, “Nur Otan” партиясы жанындағы “Жас Отан” Жастар қанатымен, “Қазақстан жастарының Конгресі” ЗТБ меморандумдар мен келісімдер жасалды.

«Келешек» жастар кеңесінің әлеуметтік желілеріне сілтемелер:

https://instagram.com/keleshek_qazaqstan