Бүгін Астанада ҚРКФ Атқару комитетінің мәжілісі өтті.
ҚРКФ Төрағасы Б.Әбдірайым кәсіподақтар алдында еңбек ресурстарының сапасын арттыру, сонымен қатар, «еңбек адамын» нәтижелі қорғау міндеті тұрғандығын атап айтты.
Мәжілісте кадрлық мәселелер талқыланды.
Мәжіліс барысында Б.Нұрымбетов бірауыздан ҚРКФ Төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.
Б.Нұрымбетов әр жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2015 жылғы маусым айынан 2017 жылғы қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі лауазымында қызмет етті. 2017 жылғы наурыз айынан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінде болды.
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы әлеуметтік саясат, еңбек қатынастары мәселелері жөнінде кең ауқымды маман болып табылады.
Атқару комитетінің мүшелері осындай дәрежедегі басшының келуі мемлекеттегі кәсіподақ қозғалысының дамуына қосымша қарқын беретіндігі мен елдегі еңбек ресурстарының дамуына оң әсер ететіндігін атап өтті.