2018 жылғы 13 ақпаннан бастап 16 ақпанға дейін Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Халықаралық Еңбек ұйымы бюросы (ХЕҰ) «ТМД елдерінде жастарды жұмыспен қамту саласындағы әріптестік» ХЕҰ жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруға арналған субаймақтық конференция өткізеді.
Конференция Турин қаласында (Италия) ХЕҰ Халықаралық оқу орталығында өтеді. ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан конференцияға ҚРКФ Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік жөніндегі комитет Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатысады.
Осы конференция аясында жобаның екінші кезеңінің стратегиясы таныстырылады, бұл өз кезегінде жастарға лайықты жұмыс орындарын құру мәселелері жөніндегі БҰҰ Жаһандық бастамасына сүйенеді.