Бүгін Брюссель қаласында Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясының (ХКК) Еуропалық экономикалық және әлеуметтік комитетінің 12-ші отырысы өтеді.
Отырыс жұмысына Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясының, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) өкілдері, әлемнің көптеген елдерінің ұлттық кәсіподақ орталықтарының басшылары қатысады. ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым осы форумның жұмысына қатысады.
Мәжілістің мақсаты ХКК 2017 жылғы жұмысының қорытындысын талдау, Бүкілеуропалық аймақтық кеңестің (БЕАК) 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау, сондай-ақ, еңбек қатынастарына қатысты, атап айтқанда: еңбек саласының болашағы, гендерлік саясат мәселелері, корпоративтік ашкөздіктің жаһандық ықпалы, Батыс пен Шығыс арасындағы еңбекақы мөлшерін жақындастыру және т.б. маңызды мәселелерді талдау болып табылады.