Бүгін Ташкентте Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «Іс-әрекеттер стратегиясы және мықты әлеуметтік саясат: Халықаралық тәжірибе мен Өзбекстанның тәжірибесі» тақырыбында халықаралық конференцияның пленарлық бөлімінің ашылуы өтті.
Мәжіліске Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ), Халықаралық Кәсіподақ Конфедерациясы – Жалпыеуропалық Аймақтық Кеңесінің (ХКК-ЖЕАК), Халықаралық жұмыс берушілер ұйымының (ХЖҰ), Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының (ЖКК) өкілдері қатысты.
Аталмыш халықаралық конференцияға Қазақстан атынан ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Марат Тоқжанов қатысып, Қазақстанның әлеуметтік саясатының кейбір ерекшеліктері туралы баяндамамен сөз сөйледі.
24 сәуірде қатысушылар жұмыс орындарындағы еңбек шарттарымен, өзін-өзі басқару органдарының қызметімен, қолжетімді тұрғын үй құрылысымен, әлеуметтік инфрақұрылыммен, білім және денсаулық сақтау жағдайымен, әлеуметтік-экономикалық әл-ахуалмен танысу мақсатында Самарқанд, Ташкент, Бұхара, Хорезм облыстарына барды.
26 сәуірде конференция өз жұмысын панелді пікір алмасу форматында жалғастырады. Осы пікір алмасуда Конференцияның Ұсыныстарына ұсынымдар қарастырылады.
Сондай-ақ, осы күні Ташкентте ҚР Кәсіподақтар федерациясының, Қырғызстанның Кәсіподақ федерациясының, Тәжікстан Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының, Түрікменстанның Ұлттық кәсіподақтар орталығының және Өзбекстан Кәсіподақтар федерацияның басшылық құрамының кездесуі болады. Аталмыш кездесу Халықаралық еңбек ұйымының еңбеккерлер қызметі жөніндегі бюросының «Еңбек саласының болашағына қатысты ғасырлық бастама – Кәсіподақтардың көзқарасы» ұранымен өтеді. Шара барысында Орталық Азия мемлекеттерінің кәсіподақ орталықтары басшыларының Біріккен мәлімдемесі қабылданады деп күтілуде.