Бүгін Ыстықкөлде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Еңбеккерлердің ісі жөніндегі бюросының ұйымдастыруымен «Бейбітшілікті және қарсы іс-әрекет әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту және Лайықты Еңбек: Шығыс Еуропадағы кәсіподақтар рөлі» субаймақтық семинары ашылды.
Семинарға қатысушылар кәсіподақтардың дауларды реттеуге және алдын-алуға қатысуы, апаттардың салдарын жою және бітімгерлік қызметтің іс-шараларын басқару, тұрақсыздық, даулар мен апатты жағдайдағы лайықты еңбек және ХЕҰ рөлі секілді маңызды мәселелерді талқылайды.
Семинар жұмысына ХЕҰ жетекші сарапшылары қатысуда: Сергеюс Гловацкас (АКТРАВ), Стефан Бенедикт (ХКК), Антон Леппик (ХКК/БЕАК), Мохаммед Муамадзинго (АКТРАВ), Гоча Александриа, (АКТРАВ) және басқалары.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан субаймақтық семинарға Төрағаның бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов, Төрағаның кеңесшісі Аманжол Жанкулиев және Алматы облысының кәсіподақ орталығының төрағасы Әсет Қыдырманов қатысуда.