“Change the rules” ұранымен ХКК IV Дүниежүзілік Конгресі өтуде

2018 жылғы 2 желтоқсанда Копенгагенде (Дания Патшалығы) “Change the rules” немесе “Ережелерді өзгерт” ұранымен Халықаралық Кәсіподақтар конфедерациясының IV Дүниежүзілік конгресі ашылды. Төрт жылда бір рет  өткізілетін Конгреске 130-дан астам елден 1200 делегат қатысуда. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының делегациясы бар. Конгресс жұмысының бірінші күні ХКК Бас кеңесінің отырысы өтті. Пленарлық отырыстарда ХКК Жарғысына түзетулер талқылануда және қабылдануда; негізгі пікірталастар Конгресс Мәлімдемесінде көрсетілген Конфедерация қызметінің негізгі төрт бағыты бойынша өтуде: Бейбітшілік, демократия мен құқық; Экономикалық ықпалды реттеу; Жаһандық өзгерістер – әділ қадам; Тепе-теңдік.

ХКК жұмысына Қазақстан делегациясы белсенді түрде қатысуда. Халықаралық Конгресс алаңдарында Қазақстан Республикасының өкілдері кездесулер, кеңес берулер өткізуде, кәсіподақ көшбасшыларымен өзара қарым-қатынас орнатуда.

Еңбеккерлердің мүдделерін қорғау жолында бірігіп әрекет ету және күш біріктіру мәселелері ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайым мен Грузияның Біріккен кәсіподақтары Төрағасы Ираклий Петриашвили арасындағы диалог барысында сөз етілді.

Бірігіп әрекет ету және күш біріктіру форматы түркілік әріптестермен және “Түркия Каму Сен” кәсіподақтары конфедерациясының Басшысы Ахмет Демирчимен болған кездесу барысында талқыланды.