Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым Бари қаласында (Италия) өткізіліп жатқан Жалпыға ортақ Италияндық Еңбек конфедерациясының (ЖИЕК/ CGIL) XVIII конгресі аясында ұйымдастырылған «Еуропалық және Халықаралық кәсіподақтардың келешегі» тақырыбындағы халықаралық конференция жұмысына қатысуда.
100-ден аса халықаралық кәсіподақ ұйымдары мен дүние жүзі бойынша түрлі кәсіподақ өкілдері заманауи еңбек нарығындағы жаңа мәселелерді, соның ішінде сандық революция, демократия дағдарысы және өзге де жаһандық трендтерді талқылауға жиналды.
Пікірталас барысында кәсіподақ қозғалысының әлеуетін арттыру үшін мемлекетаралық күштерді біріктіру қажеттігіне басты назар аударылды.
ЖИЕК Бас хатшысы Сюзанна Камусо өз лауазымынан кету барысында Халықаралық Еңбек ұйымы мен интернационалды кәсіподақ қозғалысын ұйымға дүние жүзі бойынша жаңа мүшелерді енгізу арқылы халықаралық деңгейде өз ықпалын күшейтуге шақырды. Оның ойынша, бұл ХЕҰ-на транснационалды компаниялардың үдемелі ықпалына қарсы күресте жұмысшылардың құқығын қорғауға арналған платформа болуына мүмкіндік береді.
Италияға жұмыс сапары барысында Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым бірқатар кездесулер өткізді. Аталмыш кездесулерде Қазақстан және Малайзия кәсіподақтары арасында өзара ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды.