Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырыста ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президентігіне сайлауға қатысуға үміткер ұсыну мәселесі қаралды.
Отырыс барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Бәкірұлы Тінікеевтің және Батыс Қазақстан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың кандидатуралары Президент сайлауына үміткер болуға мақұлданып, Бас кеңестің қарауына ұсынылды.
Ұсынылған кандидатуралардың ішінен ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан түсетін үміткерді анықтау туралы шешім 2019 жылғы 24 сәуірде ҚРКФ Бас кеңесінің отырысында қабылданатын болады.