2019 жылғы 12 мамырда «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» РКБ атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспихов республикалық қоғамдық штаб мүшелерімен бірге Павлодар облысына барды. ҚР Президенттігіне кандидат А.С.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы ҚР Президенттігіне кандидаттың аймақтық қоғамдық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде өңір азаматтарын қабылдаудан басталды.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Президенттігіне кандидатқа Павлодар облысының төрт азаматы өз мәселелерімен жүгінді: Евтушенко Леонид Александрович — «Павлодарэнерго» АҚ үй ішілік электр желілері қалалық кәсіпорнының бас инженері, Сыздықова Айгүл Набиқызы — Шарбақты ауданының гимназиялық сыныптары бар мектебінің химия және биология мұғалімі, Кутанова Ляззат Рашитовна — Естай батыр атындағы Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, Исина Сандугаш Даулетовна — дәрігер.
Олар өз өтініштерінде әр сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерге баса назар аударуды сұрады. Соның ішінде, бас инженер Л.Евтушенко «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңында қазіргі тарифке әлеуметтік қолдау шығындарын енгізуге тыйым салынуы себепті сала қызметкерлерінің әлеуметтік пакетіне қаржы бөлу бойынша табиғи монополия субъектілерінің тарапынан қолдау жоқтығын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің қауіпсіздік техникасы ережелерін жұмыс орындарындағы жұмыс тәжірибесін ескеру арқылы бекіту жөніндегі бұйрығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу қажет екендігін атап өтті.
ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш жасаған Л.Евтушенконы мұқият тыңдап, Кәсіподақтар федерациясының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, осы бағытта атқарған жұмыстары туралы айтты. Осы мәселені шешу үшін бірқатар кездесулер өткізілді, ҚРКФ тарапынан Ережеге табыстан ұжымдық шартта көрсетілген әлеуметтік бағдарламаға 7%-ға дейін бөлу тарифін арттырусыз өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жіберілді. Ұстаздар жұмысына қатысты мәселелерге баса назар аударған А.Сыздықова «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заң жобасын талқылау бойынша өңір ұстаздарының жұмысы туралы, редакциялауға қатысты ұсыныстар туралы айтты.
Аманкелді Таспихов мемлекет қоғамдағы ұстаз мәртебесіне ерекше назар аударатынын және кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін барлық шарттарды жасайтынын атап өтті. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын талқылау барысында заң жобасына барлық қажетті түзетулерді енгізу қажет. Естай батыр атындағы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Л.Кутанова ҚР Президенттігіне кандидатқа мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы бюджет саласында ең төмен саналатынын, яғни 40-60 мың теңге көлемінде еңбекақы алатынын жеткізді.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге дәрігерлер мен ұстаздарды ғана емес, мәдениет және спорт саласы қызметкерлерін де тарту қарастырылған. Ал іс жүзінде осы бағдарлама бойынша басымдық ұстаздар мен дәрігерлерге беріледі. Ауыл өмірінде мәдениет, көркем өнерпаздық, үйірме жұмыстары, спорт секциялары үлкен мәнге ие. Л.Кутанова ауылдық жерлерге қажетті мамандықтар қатарына білім және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен бірге мәдениет және спорт қызметкерлерін кіргізу қажеттігі туралы өз пікірін айтты. ҚР Президенттігіне кандидат «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында бос орынға үміткер үшін әкімдік сайттарында қажетті шарттар мен байланыс нөмірлері көрсетілетінін жеткізді.
Ол осы бағдарлама аясында білім саласы ғана емес, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен, сонымен қатар мәдениет және спорт саласы қызметкерлері де қатыстырылатынын түсіндірді. Ол ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ынталы мәдениет және спорт қызметкерлерін тарту үшін осы бағдарламаны жан-жақты насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет деп есептейді.
Дәрігер С.Исина өңірдің медицина қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын, сондай-ақ 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң жобасын талқылау жұмыстары туралы баяндады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өтемақы мен ерте зейнеткерлікке шығу жеңілдігіне ие денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік тізімін әзірлеу және бекіту құқығы беріледі. С.Исина хирургтар, гинекологтар, неонатологтармен қатар, анестезиолог-реаниматологтарда жұмыс өтілі 20 жылдан асқан кезде ерте зейнеткерлікке шығу құқығына ие болуы туралы ұсыныс тастады. Бұл мамандық үлкен күш-қайратты, психо-эмоционалдық әл-ақуалды талап етеді. Павлодар облысының аймақтық штабында ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың ұйымдастыруымен азаматтарды қоғамдық қабылдау ашық та еркін форматта өтті, келушілер өз мәселелерімен бөлісті. ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов әр мәселе мен ұсынысты мұқият қарастырды.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар өңірінде қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Қабылдауды ҚР Президенттігіне кандидаттың сенім білдірген өкілдері жүргізеді, сайлаушыларға арналған жәшік орнатылған.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «Квазар» орталық базардағы тауар секторы қызметкерлерімен кездесуі өтті. Базар қызметкерлерімен кездесу Аманкелді Таспиховтың жеке қалауы болатын. «Мен кәсіпкерлермен және сатушылармен еркін форматта әңгімелесуді қалаймын», – деп атап өтті А.Таспихов.
Базар қызметкерлерімен кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов «Ет», «Көкөністер-жемістер», «Тәттілер», «Балық» сауда бөлімдеріндегі жеке кәсіпкерлермен, сондай-ақ сатып алушылармен кездесті. Жеке кәсіпкер И.Мастович павлодарлықтарды тәттілермен қамтамасыз ету өзінің сүйікті жұмысы екендігін, қазақстандық тәттілердің сұранысқа көп ие екені туралы айтып өтті.
«Көкөністер-жемістер» бөлімінің сатушысы ЖК Г.Тенешева көкөніс өнімдерінің ішінде жергілікті өңірде өндірілген қияр, редис, пияз, ақжелкен, аскөк, картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат сұранысқа ие екендігін әңгімеледі. Өңірдегі отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы аясында облыс орталығының жылыжай кешенінде көкөністер мен жемістер өсірілетінін айтты.
Сапар барысында А.Таспихов пен республикалық және аймақтық штаб мүшелеріне өңір азаматтары өз сұрақтарын қойып, кандидаттың биографиясымен, сайлауалды тұғырнамасымен, кәсіподақ қызметімен танысты. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін үгіт-насихат материалдары орталық базардың алаңында орнатылды.
Сонымен қатар, Павлодарда ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов 88 жастағы еңбек ардагері Надежда Федоровна Шаповаловамен кездесті. Ұлы Отан соғысы жылдары Надежда Шаповалова басқа жасөспірімдермен бірге шарап зауытында жұмыс істеп, еңбекке ерте араласқан.
Соғыстан кейін Надежда Федоровна медицина курсын тәмамдап, ұзақ жылдар бойы медбике болып жұмыс істеді, кәсіподақ мүшесі болды.
Қазіргі таңда Надежда Федоровна Павлодарда бала-шағасының қасында тұрады. Медицина қызметкерлері күніне орай ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов ардагерді мерекесімен құттықтап, гүлшоғын сыйлады, ізгі тілегін білдірді.
Надежда Федоровна ҚР Президенттігіне кандидатқа шын алғысын білдіре отырып, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.