ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов мемлекеттік және заң шығарушы органдарға маңызды ұсыныстар жасады

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов ҚР Үкіметіне әлеуметтік қорғау және педагог қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру жөніндегі мәселелермен ұсыныс жасады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов сайлаушылармен кездесу барысында бірқатар өңірлерде педагог қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиесілі жеңілдіктерді алмайтындығын білді.

Ең алдымен, мәселе, коммуналдық қызметтердің шығыстарын жабуға және тұрғын үйлерді жылытуға отын сатып алу үшін төленетін өтемақылар туралы болып отыр.

«Талдау нәтижесі көрсеткендей, кейбір өңірлерде педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасындағы тиесілі жеңілдіктерді ала алмай отыр»,- деп ұсыныста көрсетілген.

Сонымен қатар, кандидат Аманкелді Таспихов коммуналдық қызметтердің шығыстарын жабуға төленетін өтемақылар мөлшерінің және отынды сатып алуда нарықтың нақты бағасына сәйкес келмеуіне аудан әкімдерінің мүмкіндіктері мен тілектеріне байланысты екеніне назар аударды.

«Соған байланысты, біржолғы ақшалай өтемақы мөлшерін ұлғайту туралы, сондай-ақ, өңірлердің климаттық жағдайын ескере отырып, ауылдық жерде тұратын педагог қызметкерлерді коммуналдық қызметтермен және отынмен қамтамасыз етудің бірыңғай механизмін әзірлеу қажеттігі туралы мәселе пісіп жетілді»,- деп атап өтті А.Таспихов.

Ұсыныста, сондай-ақ педагог қызметкерлерінің медициналық тексеруден өту мәселесі қозғалды. Ол заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізілуі тиіс. Бірақ, еліміздің жекелеген өңірлерінде педагог қызметкерлер жыл сайынғы медициналық тексеруден өз қаражаты есебінен өтуге мәжбүр.

Ұсыныста айтылған өзекті мәселенің бірі – Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдары қызметкерлеріне экологиялық жәрдемақы төлеу.

«Бүгінгі таңда Шығыс-Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының барлығына бірдей экологиялық жәрдемақы төлеу атқарылмай отыр және ұжымдық келісім-шартта көрсетілген нормаларға қарамастан,

экологиялық куәлігі жоқ азаматтарға қосымша еңбек демалысы ұсынылған», – деп атап өтті өз ұсынысында Аманкелді Таспихов.

***

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов еңбек заңнамасы нормаларын жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне ұсыныс берді.

Ұсыныста еліміздің жұмысшыларға өз талаптарын ұсыну мен татуласу процедуларын жеңілдету бойынша (татуласу комиссиялары, еңбек арбитраждары) Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу жөнінде мәселе қаралған.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы алты жылда елімізде 65 еңбек жанжалдары мен ереуілдері орын алған және олардың талаптарының басым бөлігі қанағаттандырылған.

Сонымен қатар, ереуілдердің барлығын сот заңсыз деп таныды. Өйткені жұмысшылар өздерінің талаптарын жеткізудің процедуралық талаптарын сақтамаған.

«Өз кезегінде, бұл процедураларға байланысты талаптардың өте күрделі болғаны соншалық, тіпті оны орындау мүлдем мүмкін емес деңгейге жеткен. Процедуралардың күрделі болуы салдарынан ұжымдық келісім жасау мүмкін болмай, мұның соңы ереуілдерге алып келеді», – деп көрсетілген ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың ұсынысында.

***

ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда заңнамалық деңгейде ұжымдық шарттар жасау міндеттілігін бекіту туралы Парламент Мәжілісіне ұсыныс тастады.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда елімізде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен ұйымдардың 42,6% ғана ұжымдық шарттары бар. Бұл ретте ұжымдық шарт бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар кәсіпорындардың 98 пайызында жасалған.

Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, егер кәсіпорында кәсіподақ ұйымы болмаса ұжымдық шарт жасалмайды, осыдан келіп жұмысшылардың құқы қорғалмайды.

“Кәсіпорындарда ұжымдық шарттың болуы және оны жауапты орындау еңбек ұжымында тұрақтылықтың кепілі және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде (97-бап) ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтару, сондай-ақ ұжымдық келісім-шарт жасасудан негізсіз бас тартуда жұмыс берушінің жауапкершілігі туралы нормалар бар. Бұл нормалар жұмыс берушінің ұжымдық шартты жасауға міндеттілігін анықтайды»,- деп көрсетілген үндеу мәтінінде.

***

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенцияларын Қазақстанда ратификациялау жөнінде Сыртқы істер министрлігіне ұсыныс берді.

Қазақстан бүгінгі күнге дейін Халықаралық Еңбек Ұйымының 189 конвенциясының 24-ін бекітті, соның ішінде 8-і негізгілері болып табылады.

Аманкелді Таспихов еңбекшілердің құқығын және мүддесін қорғауда ХЕҰ бес конвенциясын бекітуге ұсыныс берді:

– «Әлеуметтік қамсыздандырудың төменгі нормалары туралы» 102 конвенциясы;

– «Дамыған елдерді ескере отырып төменгі еңбекақыны бекіту туралы» 131 конвенциясы;

– «Ұжымдық сөйлесу арқылы ықпал ету туралы» 154 конвенциясы;

– «Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы жұмыс туралы» 175 конвенциясы;

– «Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі туралы» 184 конвенциясы.